АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Қазақстан халқының бірлігі күні

Қазақстан халқының бірлігі күні

 

1 мамыр мейірімді де жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып саналады. Бұл мейрам  150-ден астам ұлт пен ұлыс тұратын достық, түсіністік пен келісім мерекесі және Қазақстанның үлкен отбасында халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында олар біртұтас тату халық. 29 сәуір 2022 жылы Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында 1 курс студенттерінің қатысуымен (9 сынып) «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінде» мерекелік іс-шара өтті.

Әр түрлі ұлт өкілдерінің әндері мен билері орындалды: татарлар – 1 Л/Д А, 1 С/Д А, өзбектер – 1Л/ДВ, 1Л/ДФ, орыстар – 1Л/ДМ, 1Л/ДЛ, ұйғырлар - 1 С/Д С , 1 С/Д Д, украиндар –1Л/Д Е, 1Л/Д К, кәрістер –1 ДАБ.ДИАГ А, 1 Л/Д Н, немістер- 1 С/Д В, әзірбайжандар –1 Дантисты А, 1 Зуб.Тех А, қазақтар- 1 Л/Д С, 1 С/Д Д.

Чакенова Аружанның «Бұл-бұл» (2022 жылғы Халықаралық әнішілер байқауының жеңімпазы, Гран-при), Аблаева Дильназдың «Қазақстаным алға!» әндері орындалды.

Бұл іс-шара өз еліне, халқына деген мақтаныш сезімін ояту, басқа халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге бағытталған.

1
2
3
4
5
6
7
8