ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

«Қазақстан тәуелсіздігі және рухани-мәдени құндылықтар»

2021 жылы желтоқсанның 07 күні «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан тәуелсіздігі және рухани-мәдени құндылықтар» атты студенттердің облыстық ғылыми-тәжірибелік қашықтық конференциясының ашылу салтанаты өтті. Конференцияның мақсаты - студенттердің танымдық қызығушылықтары мен шығармашылығын дамыту; ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуға ынталандыру; ғылыми ой-өрісін қолдау; студенттер қауымының ғылыми белсенділігін арттыру. Конференцияны колледждің директоры, медицина ғылымдарының докторы, СМУ КеАҚ профессоры Танатаров Саят Замамбекұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулумгужинова Гульжан Райхановна ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.