АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«АШЫҚ ЖҮРЕК» ЕРІКТІЛЕР СЛЕТІ

2021 жылдың 3 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы ғылыми кітапханасында Халықаралық еріктілер күніне орай Семей қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық қатысумен «Ашық жүрек» ТжКБ еріктілер студенттерінің ІІІ слеті өтті.

Іс-шараның мақсаты: волонтерлік қызметтің озық тәжірибелерімен алмасу және волонтерлік қозғалысты танымал ету. Слеттің негізгі міндеті – волонтерлік топтардың тәжірибесімен алмасу және оларды өзара ынтымақтастыққа шақыру.

Кездесуді ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Авиценна» жоғары медициналық колледжі» білім беру мекемесі.

Кездесу Қазақстан Республикасының басқа қалаларынан келген қатысушылар мен көршілес елдердің оқу орындарынан келген қонақтар үшін ZOOM платформасында оффлайн және онлайн режимінде өтті.

Слет 4 жұмыс алаңы бойынша өтті: «Үздік волонтер портфолиосы», «Еріктілер қозғалысының үздік көшбасшысының портфолиосы», «Үздік волонтерлік жоба» және пікір алмасуға арналған дөңгелек үстел «Тең теңді үйретеді» волонтерлік қызметтегі тәжірибесі.

Біздің волонтерлер үш жұмыс алаңына қатысты.  «Үздік волонтерлік жоба» Б.Мұратов (сертификат), «Үздік волонтер портфолиосы» Дүйсешқызы Ш.(сертификат), «Теңді үйретеді» Дүйсешқызы Ш.(Алғыс хат). Колледждің «Ақ ниет» еріктілер клубы «Медицина еріктілері» және «Үздік еріктілер қызметі» номинациялары бойынша Алғыс хаттармен марапатталды.

1-volonter
2-volonter
3-volonter
4-volonter
5-volonter
6-volonter
7-volonter
8-volonter
9-volonter