ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

ШҚО ДСБ «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК Тұңғыш Президент күні

29.11.2021 колледжде Тұңғыш Президент күніне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Акт залында ән, би, өлеңдер, құттықтаулар айтылды.

«Сенім» жастар ұйымы қазақ тілі пәнінің оқытушыларымен бірлесе отырып, жалпы колледж көлемінде өлең мәнерлеп оқудан (өлеңдерді жатқа оқу) бейнероликтер байқауын өткізді. Тақырыбы: «Тәуелсіздік тарихы өлеңде».

Сайыстың мақсаттары:

- қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- дарынды жастарды анықтау және қолдау.

Бағалау критерийлері:

- жұмыстың байқау тақырыбына сәйкестігі;

- дұрыс әдеби айтылу;

- шығарманы жатқа оқу;

- бейненің сапасы (көркемдік және техникалық тұрғыдан).

Байқауға «Емдеу ісі», «Медбикелік іс» мамандығының 1, 2 курстың 8 білім алушысы қатысып, Тәуелсіздік туралы және өз шығармаларынан өлеңдер оқыды. Өлеңдер бейнероликпен сүйемелденді.

Байқау нәтижелері:

1 орын – Тельманова Айым (өз шығармасы), 2 «Емдеу ісі» В

2-орын – Ермек Макешов, 1-ші «Емдеу ісі» Ф

3 орын – Аманкелдиева Жаннұр, 1 «Медбикелік ісі» Д

Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

1-dpp
2-dpp
3-dpp
4-dpp
5-dpp
6-dpp