ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу

25 қараша 2021 жылы «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК құқық қорғау органдарының өкілдерімен кезекті кездесу өтті.

І курс студенттеріне кездесуге Семей қаласының ІІБ Жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Муканов Ж.Т., ШҚО Семей қалалық департаменті орталық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Мирсаитов. К.Б. келді. Кездесу тақырыбы: «Қылмыстың, құқық бұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының, суицидтің алдын алу және маргинал жастардың алдын алу».

Кездесудің негізгі мақсаттары:

-      білім алушыларға нашақорлық, электронды темекінің зияны, интернет алаяқтары туралы ақпарат беру;

-      жастар арасындағы экстремизмнің негізгі белгілерін түсіндіру;

-      жол-көлік оқиғалары, жаяу жүргіншілердің жолдарда өзін-өзі ұстау ережелерін қалай қатаң сақтауы керектігі туралы мәселелер қозғалды.

Қызметкерлер білім алушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

1-UVD
2-UVD
3-UVD
4-UVD
5-UVD