ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Қазақ күресі» бойынша «Колледж Барысы – 2021» облыстық жарысы

2021 жылдың 19 қарашасында ШҚО ББ «Бородулиха колледжі» КММ ШҚО Білім басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Қазақ күресі» бойынша «Колледж Барысы - 2021» облыстық жарысы өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты мен міндеттері:

  • Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттерін іске асыру;
  • Жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал ету;
  • Спорттың осы түрінің танымалдығын дамыту;
  • ТжКББ оқу орындары арасындағы достық байланыстарды нығайту.

Жарыстың қатысушылары: Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері. Жарысқа 20 колледжден 29 спортшы қатысты. Біздің колледжді 3 «Қолданбалы бакалавр» 2 тобынан Мейрамбеков Бақытжан 70 кг салмақ дәрежесінде қорғап, жүлделі 3-орынға ие болды.

Жүлделі орын алған қатысушылар дипломдармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен және бас жүлде «Колледж Барысы - 2021» белбеуімен марапатталды. Іс шара Қазақстан Республикасының гимнімен ашылып, «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

1-kures
2-kures
3-kures