АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Ата-аналар жиналысы»

2021 жылдың 11-13 қараша күндері «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» «Медбикелік іс», «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша 2021-2022 оқу жылының жаңадан қабылданған білім алушыларының ата-аналарына жалпы колледждік жиналысы өткізілді.

Негізгі сұрақтар:

  1. Колледж директоры, профессор С.З.Танатаровтың сөзі
  2. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор А.А.Исаинованың сөзі. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
  3. Кәмелетке толмағандарды вакцинациялау бойынша дәрігерлердің сөзі: Джананбаева А.Р., Сыдыққызы Г. және темір жол ауруханасының дәрігерлері
  4. Колледж психологтары Узбекханова А.С., Медетова Г.Е. сөзі. Жаңадан қабылданған студенттерді бейімдеу мәселесі бойынша.
  5. Бөлім меңгерушілерінің сөзі: Досымжанова Ж.Қ., Жұмагелдина Б.Б., Мұздыбай Г.А., Ықыласова Ж.М. және топ кураторлары

Ата-аналар жиналысы мәжіліс залында, әдістемелік кабинетте және  бекітілген аудиториялардағы топтарда өткізілді.

Колледж директоры С.З.Танатаров ата-аналарға колледж жетістіктері, алдағы жоспарлар, проблемалары туралы айтып берді. Қазіргі кезеңде вакцинацияның маңыздылығын, әсіресе кәмелетке толмағандарды ПФАЙЗЕР вакцинасымен егу туралы түсіндірді. Ол өзіңізді COVID-19-дан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі иммундау екенін атап өтті. Теміржол ауруханасының дәрігерлері де ата-аналарға ПФАЙЗЕР вакцинасы туралы айтты.

Инспектор Исаинова А.А. әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершіліктер туралы (440, 441, 442-баптар), сондай-ақ АП бойынша ҚК-нің басқа да әкімшілік баптарын түсіндірді.

imgo-1
imgo-2
imgo-3
imgo-4
imgo-5
imgo-6