АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00
  • «Семей қаласы Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі» студенттерінің «Жас Отан» жастар қанатының өкілдерімен кездесуі

«Семей қаласы Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі» студенттерінің «Жас Отан» жастар қанатының өкілдерімен кездесуі

 

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуде жоғары білімді, бәсекеге қабілетті жастар, жастардың қоғамның саяси өміріне қатысуының маңыздылығы және «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру сияқты өзекті мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, колледж студенттерінің мәселелерін шешу үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған «Жас Отан» ЖҚ-ның мақсаты мен негізгі қызметіне ерекше назар аударылды:

  • өз құқықтары мен мүдделерін қорғау
  • жан-жақты дамуына жағдай жасау
  • жастардың білім алуы және өзін-өзі толық іске асыруы

Баяндамашылар студенттерді жастар қанатының міндеттерімен таныстырды

  • мәдениетаралық және ұлтаралық келісімді қалыптастыру
  • жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
  • жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту
  • салауатты өмір салтын насихаттау

«Жас Отан» ЖҚ жастарды мәдени, ғылыми, экономикалық, спорттық және танымдық іс-шараларды ұйымдастырады және тартады.

Болашақ студенттерді жастар қанатының қызметімен ақпараттандыру және ынтымақтастық мақсатында барлық тақырыптар мен оларды жүзеге асыру бағыттарын қозғады.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, сапалы жауаптар алды. «Жас Отан» жастар қанатының тұсаукесері сәтті аяқталып, студенттер жас отандықтардың қатарына ерікті ретінде қосылуға қызығушылық танытты.

 

5
6