АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу.

12.10.2021 ж «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінде» «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша 1 курс студенттеріне конференц залында «SUMBIL» дін мәселелерін зерттеу және талдау қоғамдық қоры  ақпараттық -түсіндіру қызметінің өкілдерімен кездесу өтті. Өткізілген тақырып: «ДРТ -ның жастарға тигізетін зияны».

Студенттермен кездесу барысында Ж.М.Қасымжанова, психологтар, заңгерлер дін мәселесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер әлеуметтік желілер, діни рәсімдер, дұға, хиджаб, Сириядағы оқиғалар жайлы сұрақтар қойылды.

Мамандар қол жетімді және сауатты түрде түсініктеме жасап, барлық сұрақтарға жауап берді. Сириядағы оқиғалар жайлы сұрақтар қойылды. Студенттер әлеуметтік желі арқылы таралатын психологиялық әрекеттер жайында айтқан психологты қызығушылықпен тыңдады, заңгерге діни идеяларды насихаттауға және таратуға жауапкершілік туралы сұрақтар қойылды. Кездесу қызықты өтті. Кездесуде бейне материалдар, слайдтар, фильмдер қолданылды. Бұл кездесулер үнемі өткізіліп тұрады.

pic1
pic2
pic3