ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

«Шығыс Қазақстан облысындағы еріктілер мен азаматтық қоғам: диалог пен ынтымақтастық»

Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Аймақтық еріктілерді қоғамдық іс -шараларға тарту жобасын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру мақсатында Департаментпен бірлесе отырып «Қазақстан халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры» қоғамдық қоры Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы  Семей қаласы Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжімен бірге «Шығыс Қазақстан облысындағы еріктілер мен азаматтық қоғам: диалог пен ынтымақтастық» тақырыбында конференциясыз форматтағы диалог алаңын өткізді. Семей қаласының қоғамдық ұйымдары мен колледждері қатысты. Волонтерлік клубтар мен ұйымдардың жұмысы туралы презентациялар, бейнероликтер ұсынылды.

  1. «Исток» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы
  2. Қазақстан Қызыл жарты ай қоғамының Семей қалалық филиалы
  3. «Шығыс Қазақстан облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалы
  4. «Интеллектуалды Жастар қауымдастығы»

Колледждер:

  1. «Құрылыс колледжі»
  2. «Радиотехника және байланыс колледжі»
  3. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж
  4. «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы -экономикалық колледжі»
  5. «Көлік колледжі»
  6. «Семей қаласы Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының  бас маманы Г.Б.Ильясова және колледж директоры, профессор С.З.Танатаров құттықтау сөз сөйледі. Волонтерлік қызметтің даму перспективалары туралы және волонтерлік занының өзгерістері туралы директор, заң ғылымдарының докторы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Рахымбердин Қуат Қажымұқанұлы және Семей қалалық мәслихатының депутаты Анатолий Калинкин атап өтті.

Диологиялық алаңда тәжірибе алмасу жүргізілді, волонтерлік бастамалардың аймақтық Жол картасына ұсыныстар енгізіле отырып, аймақтағы волонтерлік қызметті дамытудың ұсыныстары мен перспективалары талқыланды.

11
4
1
2
5