ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

ПРЕСС-РЕЛИЗ

14.09.2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінде «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбына ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақ барысында Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі қорытындылары мен перспективалары, басты  оқиғалары, фактілері, тұлғалары, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы мол мәліметтер  айтылды.

Сабақтың мақсаты: патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихи өткенді мақтан тұтуды тәрбиелеу .

Жауапты оқытушы: Шалхарова А. О.

ІІ топ "1"мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры

Ашық сабаққа сілтеме:  https://cloud.mail.ru/public/mnKU/sB3ZyCyYs

30jyl.kz  сайтында  барлығы 348 студент  Қазақстанның қазіргі заман  тарихын білуге арналған онлайн-тестілеуден өтті, тестілеу қорытындысы бойынша әрбір студент өзінің дербес онлайн-сертификатын алды.

Жауапты оқытушылар: Болвансарова Д. с., Мусақызы Д., Мұздыбай Г. А., Шалхарова А. О.

Колледж кітапханасында Қазақстан  Республикасының тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейінгі жетістіктерімен таныстыру үшін,  кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, барлық топтарда "Тәуелсіздік жетістіктері"тақырыбында сынып сағаттары өтті.

1
2
3
4
6
7