ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

«Түркістан - түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жастар лидерлері мен белсенділерінің халықаралық саммиті.

16.06-19.06.2021 ж. аралығында Түркістан қаласында «Түркістан - түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жастар лидерлері мен белсенділерінің халықаралық саммиті өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған саммитте Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан белсенді жастарының кездесуі өтті. 200-ге жуық адамның басын қосқан ауқымды шара жасалды. Саммитке Шығыс Қазақстаннан сегіз көшбасшы, олардың ішінде біздің студент, «Мейірбике ісі» мамандығының үшінші курс белсендісі Ибрагимов Рахат қатысты.

Түркістан - барлық түркітілдес халықтардың рухани астанасы. Дәл осы қалада жастар көшбасшылары жиналып, білім және тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты кеңейту - түркітілдес халықтардың баға жетпес байлығы болып табылады.

Іс-шараның басты мақсаты - жалпы тарих пен мәдениетті, дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау арқылы түркітілдес жастарды біріктіру және ынтымақтастықты кеңейту.

Саммиттің бірінші күні қатысушылар мен қонақтар Түркістан аймағының қасиетті жерлері мен көрікті жерлерін, оның ішінде Яссауи кесенесін аралап, «Визит орталығына» барды. Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлымен кездесу ұйымдастырылды. Меморандумға қол қойылды.

«Түркістан - түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдері жастарының көшбасшылары мен белсенділерінің халықаралық саммитін Қазақстан Республикасының ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырды.

imgonline-com-ua-3
imgonline-com-ua-4
imgonline-com-ua-2
imgonline-com-ua-5
imgonline-com-ua-1
imgonline-com-ua-6