АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Сәт сапар жас түлек!

Студенттер мен педагогтарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!

«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің» 295 түлегі диплом алды тәжірибесін сәтті аяқтады. Медициналық ұйымдардың өтініші бойынша, елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, көптеген студенттер КТ-ден өтіп, кейіннен Қазақстан Республикасының жетекші медициналық орталықтары мен орталық аудандық ауруханаларда жұмысқа орналасты.

Өздерімен бірге студенттерде КТ бағдарламасы, медициналық кітапша, жолдама, вакцинация паспорты болды, кейбіреулері келген жерінде егілді. Студенттер, медициналық мекемелердің басқа қызметкерлері сияқты, күн сайын дене қызуларын өлшеп, үнемі бетперде, қолғап, қорғаныс экрандарын киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтап жүрді. Түлектер терең теориялық білімдерін, барлық тәжірибелік және коммуникативтік дағдыларды меңгергендіктерін көрсетті. Колледж әкімшілігіне көптеген оң пікірлер келеді. Біздің түлектерімізге денсаулық, бақыт және МҚА-ны сәтті тапсыруды тілейміз.

Нұр-сұлтан қаласының ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығына, Нұр-сұлтан қаласы ұлттық ғылыми нейрохирургиялық орталығына, Нұр-сұлтан қаласы ұлттық ғылыми онкологиялық орталығына, Нұр-сұлтан қаласы АМСКО "Достық" , ШҚО көпсалалы Өскемен қаласы "онкология және хирургия орталығына" , гематология орталығына, Өскемен қаласы "Ана мен бала орталығына", Павлодар қаласы перинаталдық орталық және № 1 емханасына, Риддер қалалық ауруханасына, Қызылорда облыстық медициналық орталығына, ШҚО орталық аудандық ауруханаларына, Семей қаласының медициналық, стоматологиялық және фармацевтикалық ұйымдарына ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз.

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық, табыс және амандық тілейміз!

imgonline-2
imgonline-3
imgonline-4
imgonline-7