АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Әлеуметтік маңызы бар жұқпалы аурулар: В және С вирустық гепатиттері, АИТВ - инфекциясы, туберкулез» тақырыбына облыстық олимпиада»

«Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медициналық колледжі» ШЖҚ КМК негізінде «Әлеуметтік маңызы бар жұқпалы аурулар: В және С вирустық гепатиттері, АИТВ - инфекциясы, туберкулез» тақырыбына облыстық олимпиада» -тақырыбы бойынша,  медициналық колледждерінің студенттері арасында аймақтық онлайн-олимпиада өтті.  

Ұйымдастырушылар –  «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы»КММ,  «Семей қаласының  Дүйсенбі  Қалматаев  атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК. Олимпиада 2020-2021 оқу жылына арналған облыстық медициналық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес өтті.

Олимпиадаға «Өскемен жоғары медициналық колледжі», «Семей» Медициналық колледжі», «Алтай жоғары  колледжі» Алтай  қаласы  және «Семей  қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медициналық колледжі»  белсенді қатысты.

Олимпиадаға қатысуға өтініш білдірген 69 студенттің  21-і  2-кезеңге өтті. Олимпиаданың 2 кезеңі мен тестілеуді әділқазылар алқасының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Мадина Адлетовна Тулешева, «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медициналық колледжі» ШЖҚ  КМК, қорытынды балл 199.

2 орын - Александра Николаевна Теплюк, «Семей қаласының  Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медициналық колледжі»  ШЖҚ КМК, қорытынды балл 195.

3 орын - Аяжан Думанғызы, «Семей  Медициналық колледжі», қорытынды балл 190.

Сертификаттар, жеңімпаздардың дипломдары  және алғыс хаттары 2021 жылдың 11 мамыр айында дайын болады.

Олимпиаданың әділқазылар алқасының төрағасы «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ директорының орынбасары Кумарбаева Салтанат Бектургановнаға үлкен алғыс.

 

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті.