АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Жалпы қалалық сенбілік

2021 жылдың 10 сәуірінде, 17 сәуірінде қаланы абаттандыруға және санитарлық тазалық бойынша жалпы қалалық сенбіліктерге байланысты және «Қалада абаттандыру, көгалдандыру санитарлық-экологиялық екі айлықты өткізу және санитарлық тәртіп орнату туралы» сенбілік өтті.

 «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК қызметкерлері мен оқытушылары бекітілген аумаққа санитарлық тазалық жүргізуге белсене қатысты:

- Қ.Мұхамедханов көшесінің бойындағы бас ғимарат пен оған жақын аумақтың маңына;

- Байсейітов, Жамакаев көшесінің бойындағы оқу ғимараты мен оған жақын аумақтың маңайына;

- Титова көшесінің бойындағы колледж жатақханасы ғимараты мен оған жақын аумақ маңына тазалық жүргізді.

Сонымен қатар мынандай жұмыстар жүргізілді: қоқыстар шығарылып, ағаштар мен бордюрлар сыланды.

Тазарту жұмыстары санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік стандарттары ұйымдастырылған жағдайда өтті:

- маска режимі міндетті түрде сақталынды және сенбілікке қатысушылар арасындағы қашықтық сақталынды;

- бүкіл тазарту кезеңінде қорғаныс маскалары мен қолғаптар пайдаланылды,

- іс-шара кезінде дезинфекциялық майлықтар, қолды сүртуге арналған антисептиктер қолданылды.

3-1-sub-botnik
1-sub-botnik
2-sub-botnik
4-sub-botnik
5-sub-botnik
6-sub-botnik