ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

Бос орындар жәрмеңкесі -2021

2021 жылдың 26 наурызында " Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі. " ШЖҚ КМК ZOOM онлайн форматында дәстүрлі "Бос орындар жәрмеңкесі -2021"өтті. Бос орындар жәрмеңкесі қазіргі түлектерге – болашақ мамандарға оларды қызықтыратын бос орындар туралы ақпарат алуға, ал жұмыс берушілерге – жас кадрларды тартуға мүмкіндік береді. 2021 жылы түлектер саны 316 адамды құрайды. "Емдеу ісі" мамандығы біліктілігі "Фельдшер" - 81, "Жалпы практикадағы медбике" біліктілігі бойынша “Медбике ісі" мамандығы - 191, "Массажист" – 14, "Фармация" біліктілігі бойынша "Фармацевт" мамандығы - 16, "Стоматология" біліктілігі бойынша "Дантист" мамандығы - 14. Жәрмеңкеге Семей қаласы, аймақтар, Нұр-сұлтан қаласы, Өскемен, Риддер, Павлодар, Зырян, Алматы қалаларының медициналық ұйымдарының 42 басшысы қатысты. Д. Қалматаев атындағы жоғарғы медицина колледжінің түлектері еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие. Бүгінгі таңда көптеген түлектер жұмыс орындарын күтуде. Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің әкімшілігі Бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан жұмыс берушілерге алғысын білдірді.