АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні бүкіл әлемде жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі. 2021 жылдың  26 ақпан күні  Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Жас сарбаз» бағдарламасы аясында Семей қаласының колледждері арасында АӘ және ТД бойынша қалалық жарыс өтті. Конкурсқа дайындық пен оны өткізуге жалпы басшылықты «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі» жүзеге асырды.

Мақсаттары мен міндеттері:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;

- «Жас Сарбаз» бағдарламасын іске асыру;

- төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы студенттердің хабардарлығын арттыру

- АӘ және ТД пәндері бойынша студенттердің тактикалық және техникалық дағдыларын жетілдіру.

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қызмет етуге шақырылатын жастарды дайындау

Қалалық байқауға Семей қаласының 12 колледжі қатысты, «Moodle» платформасы арқылы онлайн режимінде өткізілді. Байқауға арналған тапсырмалар 60 тест сұрақтары түрінде ұсынылды. Байқауды Семей қаласының ШҚО ТЖД бекіткен негізгі әділқазылар алқасы бағалады. Жарыстың бас төрешісі, ШҚО колледждерінің АӘ және ТД төрағасы Е.Қоңырбаев болды.

Қалалық жарыстың қорытындысы:

І орын: «Бизнес және сервис колледжі»  Басалаева Олеся,

Жетекші: Юсупов Нурлан Маратович

ІІ  орын:  «Электротехникалық  колледж» Нормухамбетов Магжан Рысбекович

Жетекші:  Мельницкий Владимир Сергеевич

ІІІ орын: Учреждение «Колледж Семей»  Морозов Тимур

Жетекші: Жанузаков Ерлибек Кастаевич

 

I, II, III орын алған қатысушыларға дипломдар және сертификаттармен марапатталды.

imgonline-com-ua-Resize-9Dc0s7Ezm1r
imgonline-com-ua-Resize-aSo7cs7qh7ya
imgonline-com-ua-Resize-DUvB5WzzwdzHJ
imgonline-com-ua-Resize-IWowXBNp7Kj5KZ
imgonline-com-ua-Resize-K3PBZ7X8c0HPSe
imgonline-com-ua-Resize-P4dNAOculwhXO
imgonline-com-ua-Resize-YdU1inLvrjq
imgonline-com-ua-Resize-yq8u2jmhKUi