ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

«Қолыңды соз» акциясы

 

Біздің Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы жоғарғы медицина колледжінің «Жас Отан»  жастар қанатының волонтерлеры қазіргі қиын кезде жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетуге тырысады.

14 желтоқсан күні Мамай батыр көшесінде орналасқан, жатақханада тұратын С.Кошкинбаева отбасына көмектесті. Анасы өзі мүгедек, екі баланы тәрбиелеуде.

21 желтоқсан күні біздің еріктілер Найманбаев мекен жайында тұратын кәмелетке толмаған төрт баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы Син-Гуй Ольга отбасына көмек көрсетті.

Біздің жасотандық еріктілер көмек керек отбасыларды өздері тауып, әрқашан көмектесуге дайын.

Еріктілер – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала.

 

1
2
3
4