АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенттері» жобасына қатысу

2020 жылдың қыркүйегінде  «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенттері» жобасы басталды. Бұл жобаға Шығыс Қазақстан облысының колледждерінен 40 студенттері, сонымен қатар біздің Щепетин Олег, «Массажист» инклюзивті тобының 3 курс студенті қатысты. Студенттер өздерін болашақ маман ретінде таныстырып, әлеуметтік белсенділіктерін атап өтіп, өз жобаларының идеялар ұсынды.

Нәтижесінде ШҚО колледждерінің 21 студентінің материалдары жіберіліп, оның ішінде біздің студент Щепетин Олег республикалық онлайн-кезеңге қатысуға жіберілді.

Қазан айында «Қазақстан Республикасының колледждерінің  ТОП 100 студенттері» Республикалық кезеңінің интернет-ресурсында байқаудың жеңімпаздары анықталды. Олар колледждің 8 студенті. Біздің Щепетин Олег 1964 дауыс жинап, жеңімпаздардың бірі болды.

27 қараша күні  Семейде қаласында Көлік колледжінің акт залында, «Қазақстан  Республикасы  колледждерінің ТОП 100 студенттері» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар  білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен, 100 000 теңге сертификаттарымен және жұмысқа жолдамалармен марапатталды.

Біз Олегке шығармашылық табыс, оның жобаларының жүзеге асырылуын және зор денсаулық тілейміз!

1
2
3
4