АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Айбын -2020» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны

«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің» оқытушылары Асқаров Дамир Ерболұлы мен Нургазинова Назгүл Мұратбекқызы " ШҚО Жас – қыран" әскери-патриоттық клубының құрама командасының конкурсанттарын дайындауға көмек көрсетті. «Семей қаласының № 3 орта мектебінің» 11 сынып оқушысы Дулатұлы Аслан және «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы  мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің» 1 курс студенті Түсіпбаева Перизат  "Айбын-2020" VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында оn-line форматында "Саламатты Жас Сарбаз" алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жарысқа қатысуда.Байқаудың негізгі мақсаты-жиынға қатысушылардың алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша білім мен дағдыларды игеруі. Командалар шұғыл жағдайлар бойынша ситуациялық тапсырмаларды орындайды, белгіленген уақыт ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. ШҚО құрамасына үлкен жетістіктер тілейміз!

1
2
3
4
5