АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Колледже өткізілген КВН

Колледжімізде 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына және Жастар жылына орай студенттер арасында «Жастар тек алға!» атты «КВН» турнирі өткізілді.

Бұл сайысқа жаңа оқу жылында оқуға түскен студенттер мен қатар «КВН» ойынына қатысып жүрген студенттерден  құрылған 4 команда қатысты.

Ойын 3 кезеңнен тұрды. Яғни, «Сәлемдесу», «Биатлон», және «Үй тапсырмасы».  Әділқазы алқасы командаларды сахна мәдениеті мен сөз мәнерлеріне қарай әділ бағалады. КВН турнирі қызықты және әзілге толы болды.

 Турнир қорытындысы:

1 орын – «Қалматаев ізбасарлары» жеңімпаз атанды

2 орын – «Үшеу» командасы

3 орын – «Комета» командалары иеленді.

«Қалматаев детилері» (2 курс) ойынға қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды. «Үздік ойыншы» номинациясын 3 «Емдеу ісі» 2 тобының студенті Уақасов Шалқар марапатталды.