АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Химия пәнінен облыстық ашық сабақ

08.11.19 ж. «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК жоғарғы санатты оқытушы С.В.Рахметова «Химия» пәні бойынша «Негізгі топшаның 2-ші тобындағы металдардың жалпы сипаттамалары. Кальций, магний, судың кермектігі» тақырыбында аймақтық ашық сабақ өтті. Сабақ химия және биология мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Тіс технигі» біліктілігі 1 Ортопедиялық стоматология «А» тобында өткізілді. Сабаққа Индустриалды-технологиялық колледж, Гуманитарлық колледж, Innovative college, Семей көпсалалы колледжі, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, ШҚ технологиялық колледжі оқытушылары, ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы, сондай-ақ колледждің әріптестері қатысты.

Сабақ оқытушы К.С.Коробковтың қатысуымен «Алмалы-салмалы және алынбайтын протездерді жасау» арнайы пәнімен интеграциялау элементтерімен өткізілді. Сонымен қатар сабақта проблемалық оқыту әдістері, АКТ технологиялары, интерактивті оқыту, саралап оқыту, денсаулық сақтау технологиялары көрсетілді.

141
142