АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Қазақстан халқына арналған Президенттің Жолдауы

2019 жылдың 10 қыркүйегінде Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледж ұжымы осы жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылады.

Тәрбие жұмысы бөлімінің  жетекшісі Тулумгужинова Гульжан Райхановна және қоғамдық пәндер оқытушылары Жуманбаева Лаура Кумашевна, Болвансарова Динара Сериккалиевна жолдаудың негізгі бөлімдерімен таныстырды. Талқылау нәтижесінде, Президент есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке берген тапсырмаларын, Қазақстан жерлерін сату мәселесіне тоқталып, Қазақстан жері шетелдіктерге сатылмайтындығын атап өтті. Сондай-ақ, шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру және Үкіметке 2 ай ішінде браконьерлікке қарсы тиісті заң жобасын күшейтуді жүктеді. Ел экономикасын көтеруге ықпал жасау мақсатында микро және шағын бизнес өкілдерін 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 3 жыл мерзімде салықтық тексеруден босату туралы шешімі күшіне енетінін мәлімдеді. Жастарды қолдау мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қомақты қаржы бөлінетіндігін де айта кетті.Колледж ұжымы Президенттің жолдауын қолдап, жағымды пікірлерімен бөлісті.