АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Диктант

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2019 жылы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында 2019 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 11:00 де латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы жоғары мемлекеттік медицина колледжінде» студенттер арасында дәстүрлі жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.

Диктантқа 75 білім алушы қатысты. Қазіргі жастардың латын алфавитіне көшуге деген қызығушылығы өте зор. Заман талабына сай әлеуметтік желілерде латын әрпін өзара қолданатындықтан латын әліпбиіне көшу жастар арасында зор сұранысқа ие.