АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Колледж жатақханасының Жеңіс күніне арналған іс-шарасы

2019 жылдың 9 мамырында «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік колледжі»ШЖҚ КМК жатақханасында Ұлы жеңістің 74 жылдығына арналған квест ойыны өтті.

Мақсаты:

Екінші Дүниежүзілік соғыстың тарихын терең түсінуге,оқушыларды жаңа білім іздеуге, олардың көкжиектерін кеңейтуге ынталандыру.Жадты, сезімталдықты, командада жұмыс істеу қабілетін дамыту.Студенттерге патриотизм мен отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде өз халқының тарихи өткеніне деген құрметін қалыптастыруға жәрдемдесу, белсенді өмірлік ұстанымды білімге деген оң көзқарас қалыптастыру

Өткізілу барысы:

Студенттер екі топқа бөлінеді: диверсанттар,партизандар. Олар жатақхана алаңында жасырылған сұрақтарды тауып, соған жауап берулері керек. Сұрақтар Ұлы отан соғысына қатысты қойылды.Әрбір дұрыс жауапқа ұпай беріледі, егерде дұрыс жауап бермесе ұпай алынып тасталынды.

Төрешілер алқасы жеңімпаз қатысушыларды мараппаттап, арнайы сыйлықтар тапсырылды. Барлық қатысушыларға алғыс айтылды және студенттер бұл квест ойыннан жақсы әсер алды.